Халық санағына дайындық барысында осы аптада нұсқаушы-қадағалаушыларды оқыту жұмыстары жүргізілді

АҚТАУ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Осы аптада алдағы халық санағына дайындық барысында нұсқаушы-қадағалаушыларды оқыту жұмыстары жүргізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. 2009 жылдың 9 және 10-шы ақпан күндері облыстық статистика департаменті мен ҚР Статистика агенттігінің басшылары және бас сарапшы мамандары, сондай-ақ аудан әкімдері біріге отырып, Маңғыстау және Мұнайлы аудандық, Жаңаөзен қалалық статистика бөлімінің нұсқаушы-қадағалаушыларына санаққа байланысты оқулар өткізді. Ал 6 - 11-ші ақпан аралығында Қарақия ауданы бойынша статистика мамандары осы ауданға қарасты Жетібай, Мұнайшы, Сенек, Құланды және Бостан ауылдарындағы нұсқаушы-қадағалаушыларға сабақ берді. Санаққа дайындық жұмыстары аясында мемлекеттік мекемелерде де лекциялар өткізілді. Мамандар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне, облыстық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармаларына барып, ұлттық халық санағын жоғары деңгейде өткізудегі шаралар туралы баяндап, қиындықтарды шешуде қызметкерлерге бағыт-бағдар берді.
Соңғы жаңалықтар