Халық санағына дайындық жұмыстары жалғасуда

АҚТАУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Өткен аптада халық санағына қатысатын 247 нұсқаушы-қадағалаушының 25-інің, 900 санаушының 314-інің құжаттары нақтыланып, жұмысқа қабылданды.
None
None
Учаскелер орналасатын кабинеттердің 6-сы құрал-жабдықтармен жабдықталып, жылумен, жарықпен қамсыздандырылуы тексеріліп, байланыс құралдары орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының санақ демографиялық статистика бөліміне сілтеме жасап. «Санаққа дайындық жан-жақты жүруде. Негізінен көпшілік ақпараттық-насихаттау жұмыстарына баса назар салып отырмыз. Ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілуде. Өткен аптада ақпарат құралдарында 7 рет жарияланым жасады. Оның алтауы облыстық-аудандық газеттерде, бір рет «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Апта-Ақпарат» жаңалықтар бағдарламасында Жаңаөзен қалалық филиалындағы жұмыстармен таныстырдық. Одан бөлек Ақтауда пәтерлерге таратылатын коммуналдық төлемдер парақшаларының бетіне халыққа жолдауларымызды бастық. Ұлттық санақты насихаттау туралы бкітапша дайындап шығарып тараттық. Телеарна мен радиолардан арнайы роликтеріміз жүруде», дейді санақ және демографиялық статистика бөлімінің бастығы Шырайлым Бердиева.Бұдан басқа, санақшылар аудандардың картасы мен елді мекендердің сызбаүлгілік карталарын соңғы нұсқада басып шығарып, көбейтіп, тиісті орындарға таратуда. Көшелердегі бильбордтарда санақ плакаттарын ілу жұмыстары да жолға қойылған.
Соңғы жаңалықтар