15:06, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Халық санағына студенттер де белсене қатысуда
ОРАЛ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ұлттық халық санағына жоғары курста оқитын батысқазақстандық студенттер де белсене қатысуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қаласында есепшілік жұмысын жауапкершілікпен атқарып жүргендердің бірі ? студент Жасұлан Дәулетияров. Ол қызмет ететін 5-санақ учаскесінде көпқабатты үйлер орналасқан, сондықтан оларды қамту оңай емес. Мәселен, тоғыз қабатты үйді аралап шығуға кейде бір күн кетеді деуге болады. Соған қарамастан, Жасұлан жастыққа тән жігермен елгезектік танытуда.
Халық санағының аяқталуына үш күн қалды. Осы уақыт ішінде қалған үйлер тұрғындарын толық есепке алатынына Жасұлан сынды есепшілер сенімді.