Халық санағында барлық тұрғындарды қамту ? абыройлы парызымыз ? есепші пікірі

ОРАЛ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Халық санағында барлық тұрғындарды қамту – абыройлы парызымыз.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Орал қаласына қарасты Зачаган кентіндегі үйлерді аралап жүрген есепші Индира Әлібаева мәлім етті. Оның айтуынша, жетпіс шақты үйдегі үш жүзден астам тұрғынды толық есепке алмақшы. Қазір өз жұмысын аяқтап та қалды. Әрине, жеке үйлер болғаннан кейін, адамдардың көбі жұмыста, иті бар дегендей, аулаға кіру оңай емес. Соған қарамастан тұрғындардың дені оң қабақ танытуда. Әсіресе, жасы үлкен әжелер елдегі оң өзгерістерге ризашылығын білдіріп, батасын жаудырып жатады. «Мен де оларға он жылдан кейін тағы да келемін, сіздер де аман болыңыздар, деп игі тілегімді айтамын. Халқымыздың өсіп-өнгеніне не жетсін. Ал оған өз үлесімізді қосу ? бәріміздің парызымыз», дейді И.Әлібаева.
Соңғы жаңалықтар