Халық тобы алғашқы тоқсанда 19,3 млрд. теңге таза пайда тапты

АЛМАТЫ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан халық банкі мен оның еншілес ұйымдары 1-ші тоқсанда таза пайда өсімін 14,6 пайызға, меншікті капиталын 4,8 пайызға, активтерін 4,6 пайызға ұлғайтты. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
None
None

Үміт Болатханқызының айтуынша, несиелер 2,7 пайызға артып, 1 трлн. 335 млрд. теңгені, капитал 4,8 пайызға өсіп, 356 млрд. теңгені құраған. Акционерлердің 15 мамырдағы жылдық жалпы жиналысында банктің қарапайым акцияларын иеленушілерге 12,221 млн. теңге (1 акция үшін 1,12 теңге), артықшылықты акциялардың иелеріне 2241 млн. теңге (1 акция үшін 11,2 теңге) көлемінде дивиденд төлеу жөнінде шешім қабылданған. Бұл шара дағдарыстан кейінгі кезеңде алғаш рет жүзеге асырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар