Халық тұтынатын азық-түлік өндірушілер үшін энергияға сараланған тариф енгізілуі мүмкін

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевпен кездескен елордалық кәсіпкерлердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндіретін кәсіпорындар үшін электр энергиясына сараланған тариф енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ай сайын электр энергиясына 7-8 млн теңге төлейміз. Ал бұл нанымыздың өзіндік құнына әсер етеді. Нарықта жүргенімізге 20 жыл болды. Ертеректе күндізгі және түнгі тариф деген болатын. Түнгі тариф біршама арзан. Өйткені, халық ұйқыға кетеді, электр энергиясы жеткілікті. Ал біздің өндірісіміз тәулік бойы жүреді. Сауда нүктелерін нансыз қалдыра алмаймыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілер үшін екі тарифтік төлем жүйесіне көшуге неліктен болмасқа?! Біз ыстық нан таңертеңгі 6-да дайын болуы үшін негізінен түнгі уақытта жұмыс істейміз», - деді «Астаналық нан» ЖШС-нің өкілі.

Ербол Қарашөкеевтің атап өтуінше, мұндай проблемамен министрлікке тек наубайшылар ғана емес, сонымен қатар өндірісі ауыл шаруашылығымен байланысты өзге де кәсіпорындар жиі жүгінеді. Осы ретте ол бұл мәселені алдағы уақытта көтеретіндігін айтты.

«Ұсынысыңыз көңілге қонып отыр. Егер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік шығаратын кәсіпорындардың тізімін жасайтын болсақ, онда бізді бұл бағытта қолдап қалар», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар
telegram