Халықаралық әйелдер күнінде Оралдың көшелерінің бірінде 53 жастағы әйел тоналды
ОРАЛ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күнінде Оралда 53 жастағы әйел тоналды.
Оқиға 8 наурыз күні, Мұхит көшесіндегі үйдің ауласында сағат 23.00-де болды. Қарақшылар әйелдің сөмкесін қолынан тартып әкеткен. Онда 13 мың теңге ақша, жеке куәлік, банкомат кәртішкесі, ұялы телефон, неке жүзігі мен үйдің кілті болған. Жәбір көрген әйел сол бойда полицияға қоңырау шалған. Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімінің жедел тергеу тобы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиғаның ізін суытпай ашты. Олар 27 жастағы қарақшыны қолға түсірді. Күдіктінің бұрын мал ұрлығымен шартты түрде сотталғандығы белгілі болды. Сөмке иесіне қайтарылды.