Халықаралық әйелдер мерекесі кезінде Beeline абоненттері бір-бірін 63,99 млн. рет құттықтады

АЛМАТЫ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Beeline сауда белгісімен жұмыс жасайтын «КаР-Тел» компаниясының абоненттері Халықаралық әйелдер мерекесі күні 63,99 млн. қоңырау соғып, 137 млн.минуттан астам уақыт хабар алмасты.
None
None

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға және әдеттегі жай күнгі көрсеткіштен 40 пайыз жоғары. Қоңырау соғудың ең жоғары көрсеткіші - күндізгі сағат 11-де орын алды. Онда 5 231 721 қоңырау шалынды. Ал SMS және MMS-хабарлама түріндегі құттықтаулар саны 12 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 2 пайызға жоғары және күнделікті жолданатын хабарламалар көлемінен 2,8 есеге артық. «КаР-Тел» ЖШС PR менеджері Анар Жұмағұлованың айтуынша, Халықаралық әйелдер күні жолданған SMS/MMS хабарламалар көлемі 31 желтоқсандағы хабарламалар көлемінен 11 пайызға жоғары болды. Сондай-ақ 2012 жылмен салыстырғанда биылғы мейрам күні мобильді интернет-трафик көлемі 2,3 есеге өсіп отыр.

«Әдетте біз мейрам күндерінің қорытындысы бойынша статистикалық көрсеткіштерді салыстырамыз. Айталық, әрбір хабарлама бір қағаз ашық хатты алмастыратын болса, Beeline абоненттері 8 наурызда 120 тонна қағазды үнемдеп, 6000 ағашты кесілуден сақтап қалды. Тағы бір қызық жағдай: SMS-мәтінінің жалпы ұзындығы Шекспирдің «Ромео және Джульетта» пьесасынан 19 есеге асып түсті», - дейді А.Жұмағұлова.

Соңғы жаңалықтар