Халықаралық ІСО сапа сертификаты Алматыда 196 кәсіпорында бар

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда халықаралық ICO сапа сертификатын 196 кәсіпорын енгізді. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның отандық өндірісшілерден тауар және қызмет көрсету түрлерін сатып алу шаралары туралы алматылық кәсіпкерлермен өткізген алқалы жиынында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жалпы қазіргі таңда Алматыда 2092 өнеркәсіптік және 70 мыңнан астам шағын кәсіпорындар бар. Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, қазіргі таңда өнеркәсіп орындарының 196-сы халықаралық ІСО сапа сертификатын енгізген. «Индустрия және сауда министрлігі жыл сайын олардың лицензиясын қайта мақұлдау процедурасын өткізеді. Біз оны 3 жылда бір рет жүргізуді ұсынамыз. Өйткені лицензияны қазір олар жарты жылда алып, одан кейін тағы жарты жыл бойы дәлелдеуге мәжбүр боп жүр», дейді қала әкімі А. Есімов. Оның айтуынша, Қазақстанда сұйық айдайтын сорғылардың 72 пайызы, газ өңдеуге арналған құрал-жабдықтардың 35 пайызы, бетоннан жасалған құрылыс құрылымдарының 27 пайызы Алматыда шығарылады. Сондай-ақ еліміздегі бірден-бір жол төсейтін техникалар зауыты да осында орналасқан. Мұнда мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған жартылай цистерна тіркемелері жасалады.
Соңғы жаңалықтар