Халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Павлодарда ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар полицейлері халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

Халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Павлодарда ұсталды

Ол тонау, ауыр дене жарақатын келтіру, бопсалау сияқты қылмыс жасағаны үшін іздестірілуде.

«Анықталғандай, 2020 жылы Германия азаматы өз Отанында Дрезден жергілікті соты 5,3 жылға бас бостандығынан айырған. 35 жастағы ер адам 2022 жылдың наурыз айында неміс паспортын пайдалана отырып Астана қаласына ұшып келіп, қыркүйек айында Павлодарға барған. 2022 жылдың 22 қарашасында оған Германия Федеративтік Республикасы халықаралық іздеу жариялады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыскерді Павлодар жедел уәкілдері ҚР ІІМ интерполымен бірлесіп ұстады. Ол Павлодар қаласы УҰИ-ға қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Капаров.