Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай ұйымдарының федерациясы Қазақстандағы әріптестерінің қызметімен танысты

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай ұйымдарының федерациясы Қазақстандағы әріптестерінің қызметімен танысты,

Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай ұйымдарының федерациясы Қазақстандағы әріптестерінің қызметімен танысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық Қызыл Крест қозғалысы мен Қызыл Ай қоғамы өзінің Қазақстандағы жобаларын Қазақстанның Ұлттық Қызыл Ай қоғамы арқылы жүзеге асырып отыр.

Қазақстанның Ұлттық Қызыл Ай қоғамының президенті Еркебек Арғымбаевтың атап көрсеткеніндей, ұлттық ұйым өз қызметін 70 жыл бұрын бастады. Ұйым табиғи апат, техногендік нәубет кезінде жапа шеккен адамдарға материалдық-әлеуметтік және гуманитарлық көмек көрсетуге, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жобаларды үзбей жалғастырып келеді. «Келешегі зор ұйымның 10 мыңнан аса еріктілері бар, сондай-ақ олар шет аудандарда тұратын көмекке зәру жандарға қолұшын созуға әрдайым дайын тұрады», дейді ол.

Биыл Қызыл Крест қозғалысының басталуына итермелеген Италияның Солферино қаласындағы шайқасқа 150 жыл толады. Сонымен қатар, Халықаралық федерацияның 90 жылдығы және аталмыш қозғалысқа халықаралық мәртебе әкелген Женева конвенциясының 60 жылдығы.

Бүгінгі отырыс барысында Қазақстанның Ұлттық Қызыл Ай қоғамының қызметін реттейтін заң тұжырымдамасы талқыға салынды. Сондай-ақ Қызыл Крест пен Қызыл Ай эмблемаларын қорғау, ұйымның қорғаныс,  төтенше жағдайлар министрліктері және басқа да органдармен әріптестік орнатуы жайы қаралды.