Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрметті төрағасы Хуан Антонио Самаранч жүрек сырқатымен ауруханаға түсті

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Жүрек талмасымен ауруханаға түскен Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрметті төрағасы Хуан Антонио Самаранчтың жағдайы «өте ауыр». Бұл туралы Самаранч жүрек ауруымен түскен Барселона ауруханасының дәрігерлері айтуда, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Халықаралық  олимпиадалық комитеттің  құрметті төрағасы   Хуан  Антонио  Самаранч   жүрек    сырқатымен  ауруханаға түсті

Самаранч жан сақтау палатасында жатыр және ол жасанды тыныс алу жүйесіне қосылған. Оның қасында отбасы мүшелері отыр.

Хуан Антонио Самаранч - Халықаралық олимпиадалық комитеттің жетінші Президенті. Ол аталмыш ұйымды 1980-2001 жылдар аралығында басқарды.