Халықаралық турнирде «Кедендік одақ» үштігінің спортшылары үздік шықты

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Сенбі, жексенбі күндері Астанада өткен «Жұлдыз - 2013» кубогы үшін көркем гимнастикадан II Халықаралық турнирде Қазақстан, Ресей және Беларусь спортшыларының мерейі үстем болды.
None
None

Айта кеткен жөн, биылғы додаға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Сингапур, Израиль, Әзірбайжан, Түркия мен Өзбекстан елдерінен 1998-2008 жылдары туған 200-ден астам жас гимнаст қатысты.

Әділ қазылар шешіміне сәйкес, 2006-2008 жылдар аралығындағы топта Аружан Қасенова (Астана) үздік атанса, 2005 жылғылар арасында - Каролина Кунц (Астана), 2004 жылғылар арасында - Анастасия Симонова (Ресей), 2003 жылы туғандар арасында - Анжелина Смирнова (Ресей), 2002 жылы дүниеге келгендер арасында - Айза Рүстемқызы (Павлодар), 2001 жылғылар арасында - Юлия Исаченко (Беларусь), 2000 жылғы жасөспірімдер арасында - Медина Нұрғали (Астана), 1999 жылы туған гимнастар арасында - Лиза Майновская (Қарағанды) және 1998 жылы туған өз құрдастарының арасында Селина Жуматаева жеңімпаз болды.

Соңғы жаңалықтар