Халыққа қызмет көрсету орталығы мүгедектерге үйіне барып қызмет көрсететін болды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Астана мен Алматының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ілкі режимде мемлекеттік қызмет көрсетудің тікелей үйлерге соғып көрсетілуінің жобасы іске қосылды.
None
None

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мұндай қызметпен ХҚКО-на өз бетімен келуге мүмкіндігі жоқ І топтағы мүгедек азаматтар мемлекеттік қызмет алу мақсатында пайдалана алады.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға бақылау жасау және ХҚКО қызметін үйлестіру Комитетінің төрағасы Бағдат Мусин «мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін өтінім беруші ХҚКО-на жеке өзі жүгінуге тиіс. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға бұл талапты орындау қиын болғандықтан мұндай адамдарға ХҚКО-ның қызметкерлері өздері соғатындығын» еске салды.

Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі адам мемлекеттік қызмет көрсету қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына 1414 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалып, өзінің деректерін хабарлап, қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліп, өтінім қалдыруы керек. Бұдан кейін клиентке ыңғайлы уақыт келісілген соң ХҚКО-ның қызметкері қызмет көрсету үшін сол адамның үйіне барад.

Бұған қоса Б.Мусин «биылғы жылдың аяғына дейін дәл осындай қызмет түрі республиканың басқа да қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді болады» деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар