Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету бағдарламасына қаржы қарастырылған

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ -Халыққа қызмет көрсетуде «жалғыз терезе» жүйесі өз нәтижесін беріп келеді. Осы орайда бұл құрылымды жан-жақты жетілдіруге мән берілуде. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылған,

Халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету бағдарламасына қаржы қарастырылған

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Мәжілісте талқыланып жатқан «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету бағдарламасы бойынша 27 млрд 273 млн 343 мың теңге сомасында шығыстар көзделгені жазылған. Соның ішінде 27 млрд 273,3 млн теңгенің жылдар бойынша қалай бөлінетіні көрсетілген.

Атап айтқанда, 2010 жылы - 7 млрд 645 млн 831 мың теңге, 2011 жылы - 9 млрд 316 млн 754 мың теңге бағытталады. Ал 2012 жылы аталған бағдарлама бойынша шығыстар 10 млрд 310 млн 758 мың теңгені құрайтыны көзделген.

Осы шығыстар «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын ұстауға, технологиялық, бағдарламалық, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын коммуникациялық қамтамасыз етуге бағытталатын болады.