Халықтық IPO: Солтүстікқазақстандықтар KEGOC акциясын сатып алуға жалпы сомасы 5 млн. теңгеге өтініш берді (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандықтар «KEGOC электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның жалпы сомасы 5 млн. теңгеден асатын акцияларын сатып алуға өтініш берді.
«Бір акцияның құны - 505 теңге. «KEGOС» компаниясының қарапайыс акциялары сатылымға шықкан алғашқы күні-ақ 10 солтүстікқазақстандық азамат жалпы құны 5 миллион теңгеден асатын 10 мың акцияны сатып алуға өтініш білдірген», - деді «Қазпошта» АҚ СҚОФ брокері Күлкен Жарқымбаева.
«2012 жылы «ҚазТрансОйл» акцияларын сатып алдым. Екі жыл қатарынан дивиденд алып жатырмын. Биыл «KEGOС» компаниясының акциясын сатып алдым. Пайда табамын деп үміттенемін. Компанияға 50 мың теңгеге жуық инвестиция құйып, 100 акция сатып алдым», - деді «Халықтық IPO» бағдарламасының қатысушысы Қанат Тұйғымбаев.