«Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша «ҚазТрансОйл» акцияларын сатып алуға 25 мыңнан астам өтініш түсті

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «ҚазТрансОйл»  компаниясының қарапайым акцияларын сатып алуға өтініштер қабылдау мерзімі аяқталды, оның қорытындысы бойынша 25 218 өтініш түсіп отыр, деп хабарлайды рrimeminister.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Халықтық ІРО» бағдарламасының аясында құнды қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығарылатын «ҚазТрансОйл» компаниясының қарапайым акцияларына жүргізілген жазылудың алдын-ала қорытындысы бойынша, барлығы 18,7 млрд. теңге сомаға 25 218 өтініш берілген», - делінген бүгін таратылған хабарламада.

Оның ішінде, Қазақстан азаматтарынан - 25 207, Ұлттық зейнетақы қорлары мен маркет-мейкерлерден - 11 өтініш түскен.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның мәліметтері бойынша, жеке тұлғалардан түскен өтініштің сомасы - 18,7 млрд. теңгені құрап отыр, бұл жайғастырылатын акциялар сомасының 67%. Жеке тұлғалар тарапынан түскен өтінімнің орташа сомасы 740 мың теңгені құрайды.

Жазылу кезеңінде өтініш беріп үлгермеген азаматтар Қазақстан қор биржасында екінші сауда ашылғаннан кейін, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап сатып ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы, ол еліміздегі ірі мұнай тасымалдаушы компания. Ол елімізде өндірілетін жалпы мұнай өнімінің 59% экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды. 

Соңғы жаңалықтар