«Халықтық ІРО» мембағдарламасы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларына өтініштер 5 желтоқсанға дейін қабылданады

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - «Халықтық ІРО» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларына өтініштер 5 желтоқсанға дейін қабылданады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері Дәурен Оңаев мәлімдеді.
None
None

«Қазір «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акциялары сатылымға шығарылды. Өтініштер қабылдау 6 қарашада басталған, бұл шара 30 күн жалғасып, 5 желтоқсанда сағат 17:00-де аяқталады», - деді Д. Оңаев.

Оның айтуынша, өтінімдер қабылдау тоқталғаннан кейін есептеу кезеңі басталып, 14 желтоқсанда қорытындылар шығарылады. «Ал 19 қараша күні қосалқы нарықта сатылым басталады. Яғни осы уақыт аралығында сатылып алынған акцияларды қайта сатуға болады деген сөз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар