Халықтың табиғи өсімі артып келеді

АҚТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыс халқының саны 2009 жылғы қаңтардың 1-дегі мәліметтер бойынша, 425,6 мың адамға жеткен.
None
None
Оның ішінде 242,8 мыңы (57,0 пайызы) ? қалалықтар және 182,8 мыңы (43,0 пайызы) ? ауыл тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.Халықтың табиғи өсімі өткен жылы 10 590 адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2007 жылы 9 075 адам болған. Халықтың табиғи өсімінің жалпы коэффиценті 1000 тұрғынға алғанда 25,44 адам. 2008 жылдың қаңтар-қараша айларында АХАЖ органдарында 13510 (11914) сәбидің туылғаны тіркелді. Дүниеге келген балалар саны қалалық елді мекендерде 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға артып, ол 7 475 нәрестеге жетсе, ауылдық жерлерде 19,8 пайыз артып, тиісінше 6 035 нәрестені құрады. Осы кезеңде тіркелген өлім саны 2 920 (өткен жылдың сәйкес кезеңінде-2 839), соның ішінде қалалық жерлерде - 1 801 (1 936) және ауылдық жерде 1 119 (903). Барлық тіркелген өлім-жітімнің негізгі себептерінің ішінде ең жоғары үлес салмағы 36,5 пайыз (27,6 пайыз) қан айналымы жүйесінің аурулары салдарынан. Кісі қолынан және өзіне қол жұмсаудан өлгендердің саны 34 және 67 адам, тиісінше төтенше жағдайлардан, улану мен жарақаттанудан өлген адам саны 8,7 және 17,1 пайыз құрады. Былтыр аймақта некеге тіркелгендер саны 4 830, ал ажырасқандар 885 адам болды.
Соңғы жаңалықтар