ХАМАС тағы үш израильдікті босатты

АСТАНА. KAZINFORM – Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі аясында ХАМАС сенбі күні тағы үш израильдікті тұтқыннан босатты. Оның орнына Израиль 180-нен астам палестиналықты түрмеден шығаруы керек, деп хабарлайды BBC.

Газа
Фото: BBC

Бұл 19 қаңтарда атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бергі төртінші тұтқын алмасу. Ақпанның 1-і күні ХАМАС Израильге тұтқынға алынған үш адамның есімдерін айтты. Олардың барлығы бейбіт ер азаматтар. Әуелі екеуі босатылып, Израильге берілді. 

Соның бірі - Нир-Оз жерінде екі баласымен тұтқынға алынған 54 жастағы Офир Кальдерон (Екі баласы босатылып қойған).

Екіншісі - Нир Озда ХАМАС әскерилерінің қолына түскен 35 жастағы Ярден Бибас. Сол кезде оның қасында Шири есімді әйелі мен екі баласы - төрт жасар Ариэль мен 10 айлық Кфир (балалардың тұтқынға түскен кездегі жасы) болды.

Белгілі болғандай, бұл отбасыны Газаға барар жолда екі бөліп, Ярден Бибас бір жарым жыл бойы бала-шағасынан жырақта ұсталған. Оның әйелі мен екі-баласы әлі оралмады. Туыстарының айтуынша, олар аман қалды деген үміт оты күн өткен сайын сөніп барады.

Ал 65 жастағы АҚШ пен Израиль елдерінің азаматы Кит Сигел бүгін Израильге берілді. Тұтқында болған оның әйелі 2023 жылдың қарашасында босатылған еді.

Осыған дейін ХАМАС-тың келесі босатылатын кепілге алынғандардың есімдерін жариялағанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар