22:50, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
ХАМАС жаңа мемлекет құруды қолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ХАМАС басшылығы тәуелсіз мемлекет құру туралы жоспарды қолдады. Бұл ұсынысты Палестина Президенті Махмуд Аббас жасады, деп жазады 24.kz.

Құжат Катарда өткен кездесуде бекітілген. Жоспар үш сатылы стратегияны қамтымақ.
Бірінші, АҚШ Израиль мен Палестина шекарасын белгілейді. Осыдан кейін палестиналықтар АҚШ-тан Израильдің 4 ай ішінде мемлекеттің тәуелсіздігін мойындауын қамтамасыз етуді талап етеді.
Егер жауап болмаса, Палестина БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне Араб елдері лигасы арқылы ел аумағынан келісілген уақытта Израильді эвакуациялау туралы өтініш жібермек.
Үшінші нұсқа - мәселені халықаралық қылмыстық сот аясында заңды түрде шешу. Оның мүшесі бола отырып, Палестина Израиль тарапына «бейбіт тұрғындарға қарсы әскери қылмыс жасағаны үшін» ресми түрде айып таға алады.