15:09, 14 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Ханукка мерекесін тойлау кезінде Сидней жағажайында атыс болды
Жергілікті The Sydney Morning Herald газетінің хабарлауынша, Сиднейдегі Бонди жағажайындағы оқиғадан кемінде 10 адам қаза тауып, 60 адам жараланған. Бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.
Куәгерлердің айтуынша, еврейлердің Ханука мерекесін тойлау кезінде қара киінген екі ер адам жағажайда оқ жаудырған. Кем дегенде 50 оқ атылды. Айтулы мерекеге 2 мыңға жуық адам қатысқан.
Бейнежазбаға қарағанда, оқ атқандардың бірін оның артынан жасырынып жеткен жергілікті тұрғын қолға түсірген.
Алдын ала мәлімет бойынша, атыс кезінде полиция шабуылдаушылардың бірін атып өлтірді, екіншісі жараланып, ұсталды.
Еске салсақ, осыған дейін Браун университетіндегі атыс кезінде екі адам қаза тапқанын жазғанбыз.