10:10, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Харбинде студенттердің XXIV қысқы универсиада ойындары өтті
АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақпанның 18-і мен 28-і аралығында Қытайдың Харбин қаласында студенттер арасында өткен XXIV қысқы универсиада ойындарынан қазақстандықтар жүлдеге жете алмады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Онда отандастарымыз спорттың 5 түрі бойынша сынға түскен болатын. Валерий Криченко баптайтын хоккейші жігіттер төртінші орынды қанағат тұтты. Мұндай нәтижеге Николай Улитин жаттықтыратын конькимен жүгірушілер арасында Денис Кузин де ие болды. Ал шаңғышы қыздар үздік бестіктің қатарына ілінді. Бұл дүбірлі сайыста командалық есепте бірінші орынды 34 медаль иеленген Қытай құрамасы алды. Одан кейінгі орындарды Ресей (21 медаль), Корея (7 медаль), Жапония (10 медаль) мен Швейцария (5 медаль) спортшылары бөлісті.