Харбиндегі қысқы Азия ойындарына 6 мыңға жуық волонтер тартылған
ХАРБИН.KAZINFORM – Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарына 6 мыңға жуық волонтер тартылған.

Харбин қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің адам ресурстары және волонтерлік қызмет департаменті директорының орынбасары Ли Янфэнның айтуынша, Азиадада 5875 волонтер қызмет атқарған.

– Қысқы Азия ойындарына еріктілерді іріктеу 2023 жылдың 30 қарашасында басталып, 2024 жылдың 31 қаңтарында аяқталады. Үміткерлердің жалпы саны 100 мыңға жуықтады. Жоғары білікті және кәсіби іс-шара волонтерлер командасын жасақтау үшін, мұқият іріктеуден кейін 5875 ерікті таңдап алынды,- деді ол.
Оның айтуына қарағанда, еріктілер 12 елден келген 26-сы қытайда оқып жатқан студентттер.
– Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары және Ханчжоудағы Азия ойындарына қатысқан 560 ерікті шақырылды. Олар іс-шаралардың үздіксіз өтуін қамтамасыз ету үшін өздерінің бай тәжірибесін пайдаланды,-дейді Ли Янфэн.
Айта кетйік, волонтерлер халқаралық спорттық және басқа шаралардың өтуінде маңызды рөл атқарады. Олар әлемнің төрт бұрышынан келген шараға қатысушыларға өздерінің көмегін көрсетеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қысқы Азиаданың шаңғымен сырғанау жарысында медиа қызметкерлеріне көмек көрсететін волонтер Шы Цзинфан Kazinform тілшісіне Қазақстан туралы Димаш Құдайберген арқылы білетінін айтқан болатын.