Хаттамалардың 99,91 пайызының қорытындысы бойынша, В.Янукович - 48.95 пайыз, Ю.Тимошенко 45,48 пайыз дауыс алып отыр

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Украина Орталық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының электрондық хаттамаларының 99,91 пайызын санап болды.

Хаттамалардың  99,91 пайызының  қорытындысы  бойынша,  В.Янукович - 48.95 пайыз,  Ю.Тимошенко  45,48  пайыз дауыс алып  отыр

Олардың қорытындысы бойынша, Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович - 48,95 пайыз, ал ел премьері Юлия Тимошенко 45,48 пайыз дауыс алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат УкрИнформ агенттігіне сілтеме жасап.

Санақ қорытындысына сүйенсек, Януковичке - 12 468 061 сайлаушы, ал Тимошенкоға 11 584 767 сайлаушы дауыс берген. Оған қоса, сайлаушылардың 4,36 пайызы бірде-бір кандидатты қолдамаған және сайлау бюллетеньдерінің 1,1 пайызы жарамсыз деп танылған.