Хайвилдегі өрт: Қаза тапқан шетелдік Назарбаев Университеттің профессоры болған

«Keнджи Элай 2016 жылдың маусым айынан бері Назарбаев Университеттің Медицина мектебінде профессор болып жұмыс істеген. Ол Лестер университетінің (Ұлыбритания) Медицина докторы дәрежесін алған және 40 жылдан астам уақыт бойы Нигерияда, Оманда, Кувейт пен Ұлыбританияда медицина саласында ғылыми-зерттеу және ұстаздық қызметпен айналысқан. Бұл уақыт аралығында жеті ғылыми-зерттеу грантын жеңіп алып, жүзеге асырған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Профессормен бірге оның әйелі және екі қызы да мерт болды.
Назарбаев Университеттің басшылығы мен ұжымы орны толмас қазаға өкініш білдіреді және профессор Элайджи Кехинденің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Еске сала кетсек, бүгін таңертең «Хайвил» ТК пәтерінен өрт тұтанып, 4 адам қаза тапты. Астана қаласы ІІД анықтағандай, қаза тапқандар - 1953 жылы туған Нигерия азаматы, оның зайыбы - 1963 жылы туған Ұлыбритания азаматшасы, 8 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған балалар екені анықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрт желілердің тұйықталуынан тұтанған.