Хельсинкиде ұшақ креслосынан баланы араның көмегімен алып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хельсинки әуежайындағы ұшақтардың бірінде баланың саусағы ұшақ креслосына қысылып қалған. Оны креслоны кесіп шығаруға тура келді, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Yle.fi хабарлағандай, сегіз жасар бала ұшақ креслосының астындағы саңылауға саусағын сұққан. Оны алып шығуға әрекеттенгенде саусақ ісіп кетті. Сөйтіп оның саусағын араның көмегімен шығаруға тура келді.

Бірінші болып әуежай құтқарушылары көмекке келді. Олар баланың саусағы қыстырылып қалған шынтақ сүйенішті кесуден басқа амал таппады. Кейін муниципалитеттің құтқарушылары баланы кесілген шынтақ сүйенішпен құтқару стансасына жеткізді. Онда шынтақ сүйенішті ақырындап кесу арқылы саусақты аман сақтап қалды.

Құтқару операциясына шамамен жарты сағат уақыт кетті.

Соңғы жаңалықтар