«Хезболла» ұйымы ақпараттық қызметінің басшысы қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Бейруттің орталық бөлігіндегі Рас-эн-Набаа аймағына Израиль әскери-әуе күштері жүргізген шабуыл кезінде «Хезболла» ұйымы ақпараттық қызметінің басшысы Мұхаммед Афифтің қаза тапқаны белгілі болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды. 

«Хезболла» ұйымы ақпараттық қызметінің басшысы Израильдің соққысынан қаза тапты
Фото: tass.ru

Al Jadeed телеарнасының хабарлауынша, Афиф Сирияны қолдайтын Араб Социалистік Қайта жаңғыру партиясының штаб-пәтері орналасқан ғимаратта болған және кем дегенде екі зымыран соққысына ұшыраған. 

Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, үш бейбіт тұрғын жараланған.

Бұған дейін Израиль армиясы Хезболла жетекшісі Хасан Насралланың қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Содан кейін жаңа басшы сайланды.

Айта кетейік, Израиль армиясының Ливанның оңтүстігіндегі жерүсті операциясы қазанның 1-іне қараған түні басталды.

ХАМАС бақылайтын Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Газадағы бір жылға созылған қақтығыстарда 43 мыңнан астам адам қаза тапты, бірақ олардың қаншасы бейбіт тұрғындар екені нақтыланбаған. 

Соңғы жаңалықтар