21:42, 28 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ХХЛ матчында «Снежные барсы» «Сибирьские снайперы» командасынан басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық хоккей лигасы чемпионаты матчы ауқымында астаналық «Снежные барсы» Новосібірде «Сибирские снайперы» хоккейшілермен ойнады, деп хабарлады Sports.kz.

Алғашқы кезеңде «Сибирские снайперы» хоккейшлері Никита Баженов пен Борис Кондауровтың шайбаларына «Снежные барсы» командасынан Максим Пушкарский дубльмен жауап қайтарды. Үшінші кезеңде Астанадан Евгений Королинский, Мадияр Ыбырайбеков және Максим Пушкарский хет-трикпен көзге түсчті.
8 қаңтарда Астанада «Снежные барсы» челябілік «Белые медведы» командасымен кездеседі.