Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ХХVIII Қысқы универсиада ойындарының тұмары мен слоганы, үздік логотипіне жарияланған байқаудың жүлде қоры ұлғайды

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - ХХVIII Дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарының тұмары мен слоганы, үздік логотипіне жарияланған республикалық байқау қайта өткізілетін болды.

ХХVIII Қысқы универсиада ойындарының тұмары мен слоганы, үздік логотипіне жарияланған байқаудың жүлде  қоры ұлғайды

«2017 жылғы 28-ші студенттік ойындарды ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясы» мемлекеттік қорының директоры Дербісәлі Жетпісбаевтың айтуынша, 2012 жылғы 15 қазан мен 12 қараша аралығындағы алғашқы байқауға 36 қатысушының 70 жұмыстары қабылданған. Алайда олар Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU) талабына сай болмағандықтан, ешбір жұмыс жеңімпаз деп танылмады. Сондай-ақ FISU талабы мен бұл байқауды өткізу туралы республикалық ережелердің 5,4; 5,5 және 5,7 тармақтарының сақталмауына байланысты комиссия шешімімен байқау өткізілмеді деп табылып, 16 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қайта жарияланып отыр.

«Республикалық байқауға ел тұрғындары мен Қазақстаның сәулетшілер одағы, дизайнерлер, Қала құрылыс одағы сияқты шығармашылық ұйымдар қатыса алады. Ол мына аталымдар бойынша өткізіледі: «2017 жылғы 28-ші қысқы студенттік ойындар тұмарының үздік әзірлемесі»; «2017 жылғы 28-ші қысқы студенттік ойындар ұранының үздік әзірлемесі»; «2017 жылғы 28-ші қысқы студенттік ойындар логотипінің үздік әзірлемесі». Қатысушыларды ынталандыру мақсатында байқаудың жүлде қоры 1-ден 3 миллион теңгеге дейін ұлғайтылып отыр», - дейді Д.Жетпісбаев. Оның сөзіне қарағанда, байқау туралы толық ақпараттарды универсиаданың ресми сайтындағы (www.2017almaty.kz ) «Республикалық байқау» тармағынан білуге болады.