13:47, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Химия өндірісі саласына 9 миллиардтан астам АҚШ долларындай инвестиция салынбақ - Индустрия және сауда министрі
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Химия өндірісі саласына 9 миллиардтан астам АҚШ долларындай инвестиция салу жобаланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атап айтқанда, өтінім білдірген алты компаниядан 9 жобаны жүзеге асыру бойынша ұсыныс жасалды. Олардың ішінде «Қазфосфат» ЖШС, «Каустик» АҚ, «ҚазАзот» ЖШС, «Қазсода» ЖШС, «Қазақстанның минералдық ресурстары» тау-кен компаниясы» ЖШС, «Еурохим-Тыңайтқыш» ЖШС секілді компаниялар бар»,-деді министр.