Ходорковский Ресейден кетті

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - «ЮКОС-тың» бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский Германияға ұшып кеті, онда оның анасы емделіп жатқан болатын. Бұл туралы «Лента.ру» агенттігіне келіп түскен Федералдық жазаларды орындау қызметінің баспасөз баянында хабарланған.
None
None

«Коммерсанттың» арнаулы тілшісі Илья Барабанов твиттерде Марина Ходорковскаямен сөйлескенін жазған, ол Ресейде екенін айтқан. «ЮКОС-тың» бұрынғы басшысының адвокаттары өзінің клиентінің қайда екенін айтпады.

Бұдан бұрын, 20 желтоқсанда, жұма күні 2003 жылдан бері түрмеде отырған кәсіпкерге Ресей президенті Владимир Путин рақымшылық жасаған болатын. Жарлық заңды күшіне енді. Күндіз адвокаттар Ходорковский жазасын өтіп жатқан карель колониясының бастығы оны босатқаны жөнінде хабардар еткенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар