ХОК басшысы Қазақстан Президентіне Олимпиадалық қозғалысты белсенді қолдағаны үшін алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына Халықаралық олимпиадалық комитеттің
None
None

президенті Томас Бахтан хат келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Өз хатында ХОК басшысы Қазақстан Президентіне Олимпиадалық қозғалысты белсенді қолдағаны үшін алғыс айтқан.

Т. Бах Олимпиадалық ойындардың командаларға әділ бәсеке, толеранттылық және қандайда бір кемсітушіліксіз өзара құрмет рухында жарысуға мүмкіндік туғызатынын атап өткен. Осының бәрі бүкіл әлемге айқын жолдау болып саналады.

Хат соңында ХОК басшысы бейбітшілікті спорт арқылы нығайту идеясын әрі қарай жүзеге асыру ісіне Қазақстан өз үлесін қосатындығына үміт білдірген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум