Хоккайдодағы жер сілкінісі: 32 адам із-түзсіз жоғалған, оннан астамы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккайдо аралындағы күшті жер сілкінісінің салдарынан бес адамның қаза тапқандығы анықталды, алтауы клиникалық өлім жағдайында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Хоккайдодағы жер сілкінісі: 32 адам із-түзсіз жоғалған, оннан астамы қаза тапты

Оның мәліметінше, тағы да 300 адам жарақат алып, 32 адам із-түзсіз жоғалған. Олардың қирандылар астында қалып қоюы мүмкін.

6,7 магнитудалы жер сілкінісі Хоккайдода бейсенбіге қараған түні сағат 3.08-де (Мәскеу уақытымен 21.08) болған. Апат салдарынан көптеген үйлер мен жолдар қираған.

Сондай-ақ, Саппоро әуежайы жабылып, барлық әуе рейстері тоқтатылды. Ұшақтар 7 қыркүйекте қайта жұмысын жалғастырады деп жоспарланып отыр.