ХОККЕЙ-ӘЧ: Финляндия жасөспірімдері алғашқы болып финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның хоккейден жасөспірімдер құрамасы 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында Швеция командасындағы құрдастарын жартылай финалдық матчта сүріндірді.
None
None

Кездесу нәтижесі - 2:1 (0:1, 2:0, 0:0) фин құрамасының пайдасында.

Енді финалда олар дүйсенбі күні кездесетін Ресей-АҚШ жұбының жеңгенімен ойнайды.

Жарыс Финляндияда өтіп жатыр, деп хабарлайды interfax.ru.

Соңғы жаңалықтар