15:09, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Хоккей: «Барыс» Гагарин кубогы ширек финалының бірінші матчында «Ақ барыстан» ұтылып қалды
АСТАНА. Наурыздың 3-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астананың «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы үшін турнирдің ширек финалының бірінші матчында Қазанда «Ақ барыспен» кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, бұл кезеңде командалар үш мәрте жеңіске жеткенше ойнайды. Екінші матч та бүгін Қазанда өтеді. Одан кейінгі ойын наурыздың 5-де Астанада болады. Егер осы үш кездесудің біреуінде «Барыс» қарсыласына есе жібермесе тағы бір матч наурыздың 6-да Астанада өтеді.