Хоккей: «Барыс» қатарынан екі ойында жеңіліп қалды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы өз алаңындағы екі ойында да жеңіліп қалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алғаш жерлестеріміз Ресейдің екі дүркін чемпионы - Қазанның «Ақ Барыс» клубын қабылдап, 0:3 есебімен ұтылды. Одан кейін кеше Тольяттидің «Лада» клубына 3:4 есебімен есе жіберді. Ойынның негізгі және қосымша уақыттары 3:3 есебімен тең аяқталғандықтан, жеңімпаз ойын соңындағы буллиттер сериясында анықталды. Мұнда бір шайба соға алған қарсыластарымыздың мерейі үстем болды. Енді «Барыс» тұрақты маусымдағы қалған үш матчын да өз алаңында өткізеді. Біздің команда бүгін Нижнекамскінің «Нефтехимик», ақпанның 25-де Нижний Новгородтың «Торпедо», ал 26-да Чеховтың «Витязь» командаларымен мұз айдынына шығады. Егер «Барыс» соңғы үш ойында негізгі уақытта жеңіске жетіп жатса, оның «плей-офф» зонасында қалуға мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда біздің команда наурызда өтетін Гагарин кубогы үшін жарысқа қатыса алады.
Соңғы жаңалықтар