Хоккей: «Барыс» Нижний Новгородтың «Торпедосын» қабылдайды

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Құрлықтық хоккей лигасында сынға түсіп жатқан Астананың «Барыс» клубы бүгін Нижний Новгородтың «Торпедо» командасын қабылдайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ойын «Қазақстан» спорт кешенінде өтеді. Бұл матчта жеңіске жеткен жағдайда елордалық клуб құрлықтық хоккей лигасының «плей-офф» зонасында қалуға және наурызда өтетін Гагарин кубогы үшін жарысқа қатысуға мүмкіндігі бар. Өйткені «Барыс» тұрақты маусымдағы соңғы кездесуін ертең өз алаңында лиганың аутсайдері Чеховтың «Витязь» командасымен өткізеді. Бүгін сонымен қатар «плей-офф» зонасындағы орындардың тағдыры шешілетін тағы бір матч болады. Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасы сырт алаңда Воскресенскінің «Химик» клубымен ойнайды. Ал, Гагарин кубогы үшін болатын жарысқа қатысушылардың нақты құрамы ертең болатын «Северсталь» (Череповец) -«Металлург» (Магнитогроск), «ЦСКА» (Мәскеу) - ХК «МВД» (Балашиха) және «Барыс» (Астана) -«Витязь» (Чехов) клубтары арасындағы ойындардың нәтижесінен кейін белгілі болады.
Соңғы жаңалықтар