12:45, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
Хоккей: Бүгін «Барыс» сырт алаңда «Салават Юлаевқа» қарсы ойынын жалғастырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХЛ аясында бүгін сырт алаңда астаналық «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» командасына қарсы плей-офф сериясындағы үшінші ойынын өткізеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 21 және 22 наурыз күндері Астанада өткен екі ойынның қорытынсы бойынша қос команданың сериядағы есебі 1:1 болды. Бірінші кездесуде уфалықтар 2:3 есебімен ұтса, екіншісінде 5:2 есебімен «Барыс» алға шыққан болатын.
Сонымен қатар 25 наурызда Уфадағы мұз айдынында екі команданың төртінші кездесуі өтеді. Ал бесінші ойында астаналықтар өз алаңында «Салават Юлаевты» қарсы алады. Айта кетейік, плей-оффтың келесі кезеңіне өту үшін, «Барыс» аталған командамен тартыста төрт жеңіске қол жеткізуі тиіс.