21:25, 08 Маусым 2016 | GMT +5
Хоккей: К.Даллмэн Қазақстан құрамасы сапында олимпиадалық іріктеу турниріне қатысуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кевин Даллмэн Қазақстан құрамасы сапында олимпиадалық іріктеу турниріне қатысуы мүмкін. Бүгін елордада өткен Қазақстан хоккей федерациясы атқарушы комитетінің қорытынды отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ел құрамасының бас менеджері Александр Корешков осылай деді.

«Меніңше, маусым басталғанға дейін команда сапынан табылады және олимпиадалық іріктеу турнирінде біздің құрамаға қосылатын болады», - деді ол.
Сонымен қатар ол Ресейде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапындағы легионерлер үштігі дәл осы К.Даллмэнның болмауы себепті дұрыс ойнай алмағандығын баса айтты.
Айта кетейік, бұған рейін К. Даллмэн әлем чемпионаты кезінде команда сапында болмауын отбасылық жағдайына байланысты орын алғанын айтқан еді.
«Менің болмауыма команданың және бас жаттықтырушы Андрей Назаровтың еш қатысы жоқ. Мен командадан жеке, отбасылық жағдайға байланысты кеткен едім. Мен жанкүйерлерімді қапаландырғаным үшін өкінемін»,- деген еді К.Даллмэн БАҚ өкілдеріне.