Хоккей: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Беларуспен өткізеді
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін, мамырдың 7-де Германияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталды. Оған Андрей Шаянов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да қатысуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біздің команда «А» тобында өнер көрсетеді. Чемпионат күнтізбесіне сәйкес, Қазақстан құрамасы алғашқы матчын мамырдың 9-да Беларус командасымен өткізеді. Одан кейін мамырдың 11-де Ресеймен, ал мамырдың 13-де Словакиямен ойнайды. Сондай-ақ әлем чемпионатына Канада, АҚШ, Финляндия, Италия, Дания, Германия құраламалы қатысуда.
Әлем чемпионаты Германияда осымен сегізінші мәрте өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде Ұлыбритания мен Чехия бір-бір реттен, Канада екі рет, Ресей үш мәрте жеңімпаз атанды. 2009 жылы Ресей құрамасы шайбалы хоккейден қатарынан екі мәрте әлем чемпионы атанды.