Хоккей: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Ресей командасымен өткізеді

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Германияда шайбалы хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы бүгін,
None
None

мамырдың 11-інде екінші ойынын өткізеді. Мұз айдынында Қазақстан командасы мен соңғы екі әлем біріншілігінің чемпионы Ресей құрамасы кездеседі.

Немістің Кельн қаласында өтіп жатқан чемпионат мыңдаған жанкүйерлердің, оның ішінде қазақстандық өкілдердің де бастарын қосып отыр.

Андрей Шаянов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бірінші ойынында Беларус командасынан жеңіліп қалды. Ойынды жап-жақсы бастап, есепті 2:0-ге жеткізген қазақстандық хоккейшілер, ойынның соңына қарай босаңсып, беларустарға есе жіберіп алды, есеп 2:5. Ал Ресей құрамасы өзінің бірінші кездесуінде Словакия командасын 3:1 есебімен жеңді.

Біздің команда Беларус, Словакия және Ресей командалары кіретін «А» тобында өнер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар