10:40, 03 Мамыр 2010 | GMT +5
Хоккей: Қазақстан құрамасы Италиямен кездесу өткізді
АСТАНА. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанның хоккей құрамасы Италиямен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясына сілтеме жасап.
Тартысты өткен матч 1:1 есебімен аяталды. Қазақстан құрамасы сапындағы Роман Старченко 12-ші минутта шайба салып, команданы алға шығарған. Алайда 40-ыншы минутта Италия хоккейшісі Рамозер есепті теңестіріп кетті. Бұның алдында бірер күндер бұрын Қазақстан хоккейшілері Италия құрамасымен жолдастық кездесу өткізген болатын. Ол кезде 2:0 есебімен қазақстандық хоккейшілер басым түсткен еді.
Еске сала кетейік, Андрей Шаянов жаттықтыратын хоккейшілеріміз Германиядағы Әлем бірінішілігі алдында жолдастық кездесу өткізу үшін сәуірдің 29-да Италияға ұшып кеткен болатын. Енді еліміздің хоккейшілері Германиядағы әлем чемпионатына аттанады.