Хоккей: Қазақстан жастар құрамасының қарсыласы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Чехияда шайбалы хоккейден жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сергей Старыгиннің шәкірттері элиталық топта қалу үшін Германия құрамасымен кездесетін болды.

В тобында бақ сынаған Германия жастары соңғы ойынында Ресейге 1:6 есебімен есе жіберді. Сөйтіп олар үш ұпаймен соңғы орында қалды.

Мұның алдында А тобында барлық қарсыластарынан жеңіліс тапқан Қазақстан құрамасы соңғы орында қалған еді. Енді қазақстандықтар элиталық топта өз орнын сақтап қалу үшін Острава қаласында 2 және 4 қаңтар күні Германия құрамасымен айдынға шығады. Матч екі жеңіске дейін жалғасады. Егер есеп тең болған жағдайда үшінші, шешуші кездесу 5 қаңтар күні өтеді.

Бұдан бұрынғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы дәл осындай бәсекеде Данияны екі мәрте ұтып (4:0, 4:3), өз орнын сақтап қалған еді. Ал Германия бірінші дивизионда үздік атанған болатын.

Қазақстан – Германия матчының жеңімпазы элитаға кіретін басқа тоғыз командамен бірге 2020 жылдың 26 желтоқсаны мен 2021 жылдың 5 қаңтары аралығында Канадада өтетін жастар әлем біріншілігінде тағы да ойнайтын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жастар құрамасы элиталық топта қала ала ма деп жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар