Хоккей: Қазақстанның Франциямен болатын ойынында жоғары дивизиондағы тағдыры шешіледі
амырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан әлем чемпионаты аясындағы соңғы ойынын өткізеді.
Біздің команда Франция құрамасымен кездеседі. Бұл матчта Қазақстан құрамасының жоғары дивизиондағы тағдыры шешіледі. Егер жерлестеріміз жеңіске жетіп жатса, дивизиондағы орнын сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Жоғары дивизионда қалуға құқық беретін екі жолдама үшін сондай-ақ АҚШ және Италия құрамалары да таласуда.
Айта кетейік, Германиядағы әлем чемпинатында Ққазақстан құрамасы Ресей, Словакия және Беларус командаларымен бірге «А» тобында сынға түсті. Жерлестеріміз бұлардың барлығына жеңіліп қалды.
Біздің ойыншыларымыз әлемдік біріншіліктің топ-дивизионында қалу құқығы үшін күрестегі алғашқы кездесуін мамырдың 14-де АҚШ құрамасымен өткізіп, 0:10 есебімен ұтылып қалды, ал мамырдың 16-да Италиядан 1:2 есебімен жеңілді. Енді соңғы ойынын мамырдың 18-де Франциямен өткізеді.