Хоккей: Қазақстанның жастар құрамасы элиталы дивизионға шыға алмады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта Хорватия, Италия, Норвегия, Польша және Беларус құрамаларымен бірге бір топта сынға түсуде. Біздің команданың алдына «А» дивизионына шығу міндеті қойылған. Жерлестеріміз алғашқы ойынында Хорватияны 10:1 есебімен жеңіп, чемпионатты қарқынды бастағанымен одан кейінгі кездесуінде Италиядан 3:1 есебімен ұтылып қалған. Ал, үшінші ойында Польшадан 6:3 есебімен басым түскен біздің командада элиталы дивизионға шығуға әлі де болса мүмкіндік бар еді. Алайда, төртінші маңызды ойында Қазақстан құрамасы Норвегиядан 2:4 есебімен ұтылып, жоғарғы дивизионға шығу мүмкіндігінен айырылды. Чемпионаттағы қорытынды кездесуін жерлестеріміз бүгін Беларус құрамасымен өткізеді.