14:57, 06 Қазан 2013 | GMT +5
Хоккей: «Қазцинк-Торпедоның» бүгінгі қарсыласы - «Липецк» хоккей клубы
АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Липецк» командасын қабылдайды.

Ресейдің Липецк қаласының хоккей клубын Жоғары хоккей клубының аутсайдері деуге болады. Соңғы сегіз матчта команда екі-ақ рет жеңіске жетіп, 6 ұпаймен жалпы турнирлік кестенің соңында - 25-ші орында (барлығы 26 команда бар - авт.) орналасты.
Ал Өскемен қаласының хоккей клубында 24 ұпай бар. Бүгінде ол лиганың жалпы турнирлік кестесінде көш бастап тұр.