11:12, 07 Қазан 2013 | GMT +5
Хоккей: «Сарыарқаның» бүгінгі қарсыласы - «Кубань»
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Кубань» (Краснодар) командасымен кездеседі.

Бұл екі команда лиганың өткен жылғы чемпионатында алғаш рет ойнай бастады. Сол кезде «Сарыарқаның» мерейі үстем болған. Қарағандылық клуб «Кубань» құрамасын екі мәрте жеңіп, финалға да жеткен еді. Ал Краснодар қаласының командасы 17-ші орыннан аса алмай, жарыс жолынан шығып қалған. Биылғы чемпионатта командалардың қауқары мүлдем басқаша болып тұр. «Сарыарқа» бес рет қатарынан жеңіліп, осы уақытқа дейін тек 9 ұпайды ғана олжаласа, «Кубань» командасында екі есе артық - 20 ұпай бар. Соның арқасында ол жалпы турнирлік кестеде 3-орында келеді. Ал қарағандылық клуб 22-орында.