Хоккей: «Снежные барсы» «Сибирские снайперы» хоккейшілерін 7:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар хоккей лигасы чемпионаты ауқымында Астанада «Снежные барсы» Новосібірдің «Сибирские снайперы» хокейшілерімен матчын өткізді.

Хоккей: «Снежные барсы» «Сибирские снайперы» хоккейшілерін 7:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты

Алғашқы кезеңде гол салынған жоқ. Екінші жиырма минутта «Снежные барсы» командасынан Андрей Локтев, Александр Ананичев, Максим Пушкарский және екі рет Әлихан Әсетов шайба салды, деп жазады Sports.kz . Ойынның үшінші бөлігінде астаналық Андрей Локтев пен Дмитрий Гурков қонақтарды тықсыруды одан әрі жалғастырды.

29 қарашада Астанада «Снежные барсы» Новосібірдің «Сибирские снайперы» командасымен тағы да кездесу өткізеді.