Хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстанның келесі қарсыласы - беларусьтар

Ертең, мамырдың 8-і күні біздің хоккейшілер Беларусьтың ұлттық құрама командасымен кездесетін болады.
Осы уақытқа дейін А.Шаяновтың шәкірттері екі кездесу өткізіп, оның екеуінде де жеңіліп қалды. Бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Франциядан 3:6 есебімен ұтылса, екінші матчта Швейцариядан (1:5) айласын асыра алмады. Енді, ертең Қазақстанның құрама командасы үшінші кездесуді беларусьтықтармен өткізетін болады.
Бұған дейін біздің қарсыластарымыз да екі рет жеңілген еді. Олар Финляндиядан 0:1 есебімен жеңіліп, Швейцариядан 2:3 болып ұтылды. Дегенмен, Беларусь құрамысының қауқары қатты болып тұр.
Айта кетейік, шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын хоккейшілер - Талғат Жайлауов, Роман Савченко, Роман Старченко, Дмитрий Дударев, Вадим Краснослободцев, Федор Полищук, Алексей Трощинский, Виталий Новопашин және тағы басқалар қорғап жүр.